Спорт – біздің досымыз

№3 жалпы орта білім беретін мектеп жанындағы «Бәлдәурен» сауықтыру алаңында дене шынықтыру пәні мұғалімі Е.Ералыұлының ұйымдастыруымен «Спорт – біздің досымыз» тақырыбында эстафеталық жарыс өтті.

Оқушыларды ортақ мақсатқа жұмыла білуге, ұйымшылдыққа баулып, қимыл әрекетке жаттықтыру, салауатты өмір салтын қалыптастыруды мақсат еткен сайыс алты бөлімнен тұрды. Барлық топ сайысқа белсене ат салысты.

Жарыс соңында төрешілер әр топты жеке бағалап, жеңіске жеткендерді марапаттады.

Комментарии закрыты.