Аналарды ардақтау рәсімі

Апта басында әкімдіктің үлкен залында аналарды ардақтау рәсімі өтті. Бұл күні 102 батыр анаға «Алтын алқа» белгісі тағылды.

Алғашқы сөзді қала әкімі С.Медебаев алып, аналарды мемлекеттік сыйлықтарымен құттықтады. Өз кезегінде «Нұр Отан» ХДП Сәтбаев қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ж.Дәрібаев аналарға деген алғысы мен құттықтауын жеткізді. Аналардың атынан қаланың Құрметті азаматы, ұлағатты ұстаз Шабал Бейсенбекова Елбасы тарапынан жалпы аналарға көрсетіліп жатқан құрмет пен қамқорлыққа алғысын жеткізді.

Жеті және одан да көп баланы дүниеге әкеліп, түн ұйқысын төрт бөліп,  өміріне нәр берген аналарды қалай құрметтесек те артық емес.

Сыйлықтарыңыз құтты болсын, асыл аналар!

Марал Шахаева.

Комментарии закрыты.