«Қауіпсіздік күні» өтті

20160617-12-6«Достық» жазғы сауықтыру алаңы демалушыларының уақытын қызықты әрі тиімді өткізу барысында әр түрлі іс-шаралар өткізілуде. Солардың бірі – «Қауіпсіздік күніне» байланысты өткізілген «Дымбілмес – көшеде» атты жолда журу ережелері бойынша викторина және «Көше қиылысында» суреттер сайысы.

«Дымбілмес – көшеде» атты жолда журу ережелері бойынша викториналық сұрақтарға әр топтың демалушылары белсене қатысып, өздерінің білімдерін көрсете білді.

«Бейнесурет» сайысында, топтарға жол ережесіне байланысты суреттер берілді, олар оның қандай мағынаны білдіретіндігін және не үшін қойылатындығын ұшқыр оймен жеткізді.

Ал, «Көше қиылысында» суреттер сайысында әр топ тақырыпқа сай суреттер салып, көрме ұйымдастырды. Барлық топтың суреттері өте әдемі, мағыналы салынды. Демалушылар жол ережесін білетіндіктермен қатар, бағдаршамның көмегіне әрқашан жүгіну керектігін де көрсете білді.

Комментарии закрыты.