23 маусым – Қазақстан полициясы күні

Құрметті ішкі істер органының қызметкерлері мен ардагерлері!

Сіздердің кәсіби мерекелеріңіз – Қазақстан полициясы күнімен шын жүректен құттықтаймыз.

Полиция қызметкерлерінің жұмысы қаланың әрбір тұрғынының ғана емес, мемлекеттің, қоғамның, жалпы елдің қауіпсіздігін, тұрақтылығын, құқықтық тәртібін сақтауға бағытталған.

Сіздердің мамандықтарыңыз қайсарлық пен табандылықты қажет етеді. Негізгі міндеттеріңіз – қылмыспен және жемқорлықпен күресу, қоғамдық тәртіпті сақтау, азаматтардың құқығын қорғау және құқық бұзушылықтың алдын алу болып табылады.

Ішкі істер қызметінің жұмысына берілетін баға –азаматтардың полицияға деген сенімі. Осы сенімді ақтай отырып, тұрғындармен байланысты нығайта түсу қажет.

Біз көп жылдар бойы құқық қорғау саласында қызмет атқарған ардагерлерге шексіз алғысымызды білдіреміз. Сіздер ұрпақ сабақтастығын жалғастырып, жас әріптестеріңізбен бай тәжірбелеріңізді бөлісе отырып, ішкі істер органының нығаюына, мәртебесінің жоғарлауына ықпал етесіздер.

Өз борышын өтеу жолында қаза тапқан полиция қызметкерлері біздің жүрегімізде мәңгілік сақталады.

Құрметті тәртіп сақшылары! Сіздерге зор денсаулық, еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға бақыт, сәттілік тілейміз.

Сәтбаев қаласының әкімі А.А.Ыдырысов.

Қалалық мәслихаттың хатшысы Т.И.Хмилярчук.

Комментарии закрыты.