Қажылар

Жылдағы дәстүрге сай қажылар қауымдастығы Балмағамбет Балқыбайұлы атындағы орталық мешіт асханасында ауызашар берді.

«Дінге қызмет – елге қызмет» деген қағиданы берік ұстанған қажылар қауымы бұл күні әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларына, Жезқазған қаласындағы қарттар үйінің тұрғындарына дастархан жайды.

Сауапты істің ортасынан табылған қала әкімі Асқар Ыдырысов, Қарағанды облыстық Дін істері басқармасының басшысы Серік Тілекбаев жиналған жамағатты Рамазан айымен құттықтады.

Шарапаты мол қайырлы іске ұйытқы болған қажыларға көпшілік алғыстарын білдірді. Мешіт имамдары дастархан басында ұлы айдың ұлылығын ұлықтайтын уағыздар айтты.

Түркиядан арнайы Құран қатым түсіруге келген қари Демир Харун Құран оқып, еліміздің тыныштығы мен береке-бірлігін тіледі.

Комментарии закрыты.