Сапаға көңіл аударылса

«Жол – тіршіліктің күре тамыры» деп бекер айтылмаса керек-ті. Көліктердің қатары артқан сайын, жолдың да сапасы жақсара түсуге тиісті. Алайда, бұл мәселеде кемшін тартып жатқан тұстар жетерлік.Оған өзіміздің де қаладағы кейбір келеңсіз жағдайлар куә.

Шұрық-тесік Ерден көшесінің жолын мамыр айы басталысымен жөндеуге кіріскен мердігер компанияның о бастағы жұмыстары нәтижелі бола ма деп күткеніміз шындық.

Компанияның жұмысы бірнеше мәрте тексеріліп, сын айтылғанын да жақсы білеміз. Ойдым-ойдым жолдарды жамап бітірген жол жөндеушілердің атқарған жұмысы сапаға сай келмейді. Күні кеше ғана тегістелген ой-шұқырдың бірі биік, бірі аласа. Ортасына түсіп жатқандары да бар.

Жолдың жамауын жабуға қалалық бюджет есебінен қыруар ақша шығындағандағы жұмыстың түрі осы ма?

Мұндай олқылықтың алдағы уақытта орын алмауы үшін қоғамдық кеңес бұл бағыттағы жұмысты өз назарына алса деймін.

Нұржан Өтепбаев, қала тұрғыны.

Комментарии закрыты.