28 маусым – Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні

Құрметті байланыс және ақпарат құралдары саласының қызметкерлері! Сіздерді шын жүректен кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймыз!

Бүгінгі толассыз ақпарат заманында біздің өмірімізді байланыс құралдарынсыз елестету мүмкін емес. Байланысшылар, БАҚ қызметкерлері қоғам мен билік арасында пікір алмасуды және тиімді өзара байланысты орнату жолында еңбек етуде. Еліміздегі жалпы қоғамдық пікірлер де осы сала қызметкерлері тарататын ақпараттың нақтылығы мен шынайылығына тікелей байланысты.

20160624-01-1

 Кәсіби шеберлік, белсенді азаматтық ұстаным, жаңалыққа құштарлық, кез келген оқиғаға немқұрайлы қарамау, өмірді шынайы көрсете білу байланыс және ақпарат саласы қызметкерлеріне тән қасиеттер. Сіздердің маңызды ақпараттар мен жаңалықтарды жылдам әрі шұғыл жеткізудегі ерен еңбектеріңізге шын жүректен алғысымызды білдіре отыра, қаламыздың әлеуметтік-экономикалық мәселелерінің оңтайлы шешілуіне және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған жарқын істеріңізге тек қана толағай табыс тілейміз.

Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт және шығармашылық шабыт тілей отыра, әрдайым оқырмандарыңыз бен тыңдармандарыңыздың ілтипатына бөлене беріңіздер демекпіз. Қаламдарыңыз ешқашан мұқалмай, кәсіби шеберліктеріңіз арта берсін.

Сәтбаев қаласының әкімі А.А.Ыдырысов.

Қалалық мәслихат хатшысы Т.И.Хмилярчук.

Комментарии закрыты.