Ант қабылдады, марапатқа ие болды

20160701-03-2Елімізде жиырма үшінші маусымда қос мамандық иелері өздерінің төл мерекелерін атап өтті. Солардың бірі – мемлекеттік қызметшілер.

Халық пен қоғам арасын жалғастырып отырған алтын көпірге айналған кенді қаланың мемлекеттік қызметшілері мерекелерін толайым табыстармен қарсы алды.

Қалалық әкімдіктің үлкен залында атаулы күні салтанатты жиын өтіп, саланың ардагерлері мен мамандарын шаһар басшысы Асқар Ыдырысов құттықтады.

Мерекеге арналған іс-шара еліміздің Әнұранымен басталып, мемлекеттік қызметке кіріскен бір топ мамандардың ант беруімен жалғасты. Ішкі саясат бөлімінің бас мамандары Д.Бекетова мен А.Сүлеймен, азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің бас маманы А.Берліқұлова, жер қатынастары бөлімінің бас маманы Э.Юлдашева өздеріне жүктелген міндетті адал атқара отырып, халыққа қалтқысыз қызмет етуге ант берді.

Одан кейін бір топ мемлекеттік қызметшілер қала әкімінің және мемлекеттік қызметшілердің кәсіподақ ұйымының Құрмет грамоталарымен марапатталды.

Сала ардагерлерінің атынан Г.Егорова сөз алып, жас мамандарға сәтті қадам тіледі.

Ал, мемлекеттік қызмет саласында еңбек жолын жаңа бастағандардың атынан ішкі саясат бөлімінің бас маманы Д.Бекетова әріптестеріне мерекелік құттықтауын жеткізді.

Комментарии закрыты.