Бұл — жеке мәселе емес

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алуға арналған алқалы жиында осындай ой түйген ҚР Бас прокуроры Жақып Асанов күйеуінен қорлық көріп, таяқ жейтін әйелдің аянышты жағдайы қоғамдық мәселе екендігіне көңіл аударды. Өмірден бірнеше мысал келтірді.

Оның айтуынша, тек осы жылдың өткен кезеңінде 316 әйел өзіне қол салған. Жалпы 300 әйел отбасындағы жанжал кезінде адам өлтіргені үшін түрмеде жазасын өтеуде.

«Осындай жан түршігетін жағдайға не себеп? Жалпы, бұл ұзақ жыл айтылмай келді. Қоғамдық мәселе ретінде қаралмады. Отбасы — әркімнің жеке шаруасы, деген көзқарас ұстандық. «Жабулы қазан, жабулы күйінде қалсын» дедік. Бұл — бұрыннан қанға сіңген жаман дерт» деді Ж.Асанов.

Оның ойынша, көшедегі қатыгездіктің де бір ұшы отбасындағы жағдаймен байланысты. Үйден ызалы шыққан адам өшін өзгеден алады. «Зорлық-зомбылық — бір отбасының шаруасы емес, қоғамдық мәселе. Көптеген келеңсіз жағдай үйдегі ахуалға тікелей қатысты» деді Бас прокурор.

Комментарии закрыты.