Халықаралық көрме – Қарағандыда

Тұтынушыларға есігін айқара ашқан ХІІ халықаралық «Mining Week Kazakhstan-2016» көрмесіне биыл Германия, Қытай, Польша, Швейцария, Канада, Түркия, Чехия, Беларусь, Ресей, Украина, Қазақстаннан 86 компания қатысуда.

Көрмеге кен-металлургия кешені мен жер қойнауын тиімді пайдалануға арналған түрлі технология мен жабдық қойылған. Мақсаты — бизнес-байланысты жолға қою, тәжірибе мен жаңа технология алмасу.

Негізгі бөлімдері: кен өндіру технологиясы мен жабдығы; геологиялық-барлау технологиясы; металлургиялық технология мен жабдық; кен қазбасын байыту; көмір мен минералдық шикізатті өңдеу жабдығы; бұрғылау-аттыру жабдығы мен материалы; энергетикалық жабдық, т.б.

Тұсауы 2004 жылы кесілген бұл көрмені биыл Қарағандыда өткізуге оның тақырыбы, сондай-ақ, ірі кәсіпорындардың осында жақын орналасуы себеп болыпты.

Комментарии закрыты.