Мамандар кеңес берді

20160701-02-4«Нұр Отан» партиясының «Әділет» кеңес береді жобасы аясында партияның Сәтбаев қалалық филиалындағы қоғамдық қабылдауда мемлекеттік сот орындаушы Елена Малютина, Әділет басқармасының жетекші маманы Тоты Бектемісова мен бас маманы Жансая Өтепбаева тұрғындарды қабылдады.

Қабылдауға келген Жанат Сатова кәмелеттік жасқа толмаған ұлына алимент өндіруге көмек берулерін сұрай келіпті.

Өкілетті орган мамандары анаға алимент өндіріп алудың заңдық тұрғыдан жолдарын түсіндіріп, кеңес берді.

Қала тұрғындары қоғамдық қабылдауда мүлікті жария ету және жылжымайтын мүлікті тіркеуге қатысты сұрақтарға да нақты жауап алды.

Комментарии закрыты.