Тәртіп сақшылары дәріптелді

20160701-02-3Ш.Ділдебаев атындағы Кеншілер сарайында 23 маусым – Қазақстан полициясы күніне арналған салтанатты шара өтті.

Ішкі істер бөлімінің ардагерлері мен қызметкерлері және қала басшылығы қатысқан жиынды қала әкімі Асқар Ыдырысов құттықтау сөзімен ашып, сала мамандарына жемісті еңбек тіледі.

Асқар Абылайұлы ішкі істер бөлімінің ардагерлері Дәулетзада Бапаев пен Мәлік Ержігітовті және бірқатар полиция қызметкерлерін қала әкімінің Құрмет грамотасымен марапаттады.

Сала қызметкерлерін бұл күні қалалық мәслихат хатшысы Татьяна Хмилярчук құттықтап, мәслихаттың Құрмет грамотасын тапсырды.

Әріптестеріне ақжарма тілектерін ақтарған ішкі істер бөлімінің басшысы, полиция полковнигі А.Дүйсенбеков ішкі істер органдарындағы «Мінсіз қызметі үшін» І санаттағы медальді Жезқазған кенті полиция бөлімінің бастығы, полиция майоры Ә.Айдарқұлов пен жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Б.Қыстаубаевтың омырауына тақты.

Ал, ІІІ санаттағы медальға жедел криминалистік бөлімше бастығы, полиция капитаны А.Әбішев, жергілікті полиция қызметінің аға учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Ж.Жүнісов және ювеналды полиция тобының инспекторы, полиция капитаны Э.Нұрсейтова ие болды.

Бұл күні Қарағанды облыстық ішкі істер Департаментінің Құрмет грамотасын еншілегендер де болды.

Комментарии закрыты.