Астанадан – алғашқы жүлде

20160701-04-2Елордасы – Астанада маусым айының жиырма бесі мен жиырма жетісі аралығында «Жастар әлемі» халықаралық шығармашылық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен халықаралық «Жарық жұлдыз» байқауынан сәтбаевтық өнерпаз жастар үлкен олжамен оралды.

Солардың қатарында осыған дейін облыстық, республикалық байқауларда өзінің қоңыр үнімен топ жарып жүрген қалалық мәдени-сауық орталығының жас әнші Нұрахмет Қаршығанов та бар.

Еліміздің түкпір-түкпірінен жүзден аса таланттардың басын қосқан байқауда Нұрахмет эстрадалық вокал жанры бойынша І орынды еншілеп келді.

– Елордада ән әуелету менің көптен бергі арманым еді. Арқа төріндегі кербез қалада өткен бұл байқау маған шабыт беріп, қанаттандыра түсті. Үш күнге созылған байқауда ән әлемінде есімдері жаңа танылып келе жатқан өзіммен қатарлас жастармен танысып, бос уақытымызда Астананың көрікті де әсем көшелерін аралап, Есілдің бойындағы сұлу қаланың табиғатын тамашаладық. Әсіресе, түнгі Астананың сұлулығы мүлде керемет, – дейді байқау жеңімпазы.

Бағдат Қазкенов.

Комментарии закрыты.