6 шілде — Астана қаласының күні

Қадірлі сәтбаевтықтар!

Жыл сайын 6 шілде күні біз еліміздің қоғамдық-саяси өмірінде маңызды орынға ие және шын мәнісінде әр қазақстандық үшін жалпыхалықтық сипат алған мемлекеттік мереке — Астана күнін атап өтеміз.

Өткен он сегіз жылдың ішінде Астана тәуелсіз еліміздің қарыштап дамуы мен гүлденуінің айқын дәлеліне айналды. Тарихи өлшем тұрғысынан қысқа уақытта Елордамызда бірқатар саяси, экономикалық және әлеуметтік-мәдени саладағы өзекті мәселелерге арналған ірі халықаралық кездесулер өтті. Мұның барлығы мемлекетіміздің нығаюы мен дамуына тікелей бағытталды.

20160701-01-1

Қазақстанның ірі халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу құрметіне ие болуы елдігіміздің ерен жеңісі болды. Осы тарихи жеңісіміздің өзі жаһандық орталыққа айналған бас қаламыз – Астананың әлеуетін әлемдік деңгейде мойындау болып табылады.

Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың шешімімен өмірге келген Астана қаласы бүгінде тәу етер тәуелсіздігіміздің символы мен барлық қазақстандықтарды біріктіретін ұлттық мақтанышқа айналды. Елордамызды Астанаға көшіру мемлекетіміздің дамуына тың серпіліс әкеліп, аймақтардың экономикалық дамуына жаңа екпін берді. Астана – көптеген тың жобаларды жүзеге асырудың жарқын үлгісі болғандықтан, біздің қаламыздың тұрғындары да оны жүзеге асыру үшін атсалысуы тиіс.

Қадірлі жерлестер!

Сіздерді шын жүректен Астана күнімен құттықтап, баршаңызға бейбітшілік, жақсылық, амандық тілейміз. Ел игілігі жолындағы еңбектеріңіз табысты болып, барлық бастамаларыңыз жүзеге аса берсін.

Сәтбаев қаласының әкімі А.А.Ыдырысов. Қалалық мәслихат хатшысы Т.И.Хмилярчук.

Комментарии закрыты.