МЕЙІРІМ ШУАҒЫ

20160708-02-3Ел ордасы – Астана күнінде Спорттық сауықтыру кешенінде мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған спорттық жарыс өтті. Қалалық жастар ресурстық орталығы мен денешынықтыру және спорт бөлімінің ұйытқы болуымен өткен жарысқа мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту орталығының балалары мен спортқа бейім жандар қатысты.

Олар көңілді эстафета, дойбы, арқан тартыс, қол күресі сынды спорт түрлерінен белсенділіктерін танытты. Астанаға тарту ретінде елорданың көрікті де әсем ғимараттарын бейнелеген ұл-қыздарымыздың бейнелеу өнеріне деген қызығушылықтары ерекше екендігі байқалды.

Жарысқа белсенділікпен қатысқандар ұйымдастырушылар атынан бағалы сыйлықтарға ие болып, мерекедегі мейірім шуағына бөленді.

Комментарии закрыты.