Ақпараттық топ – балабақшада

Құрамында қалалық ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі С.Ешмаханов, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, автокөлік жолдары, жолаушылар көлігі және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің сектор меңгерушісі Д.Жүнісбеков және жер қатынастары бөлімінің бас маманы Э.Юлдашева бар ақпараттық насихат тобы №1 «Ертегі» балалар бақшасында болды.

Олар балабақша ұжымы мен бүгінгі күннің өзекті мәселелерін талқылады. С.Ешмаханов өз сөзінде елдің дамуына ерекше серпін беретін 100 нақты қадам реформасы аясында мемлекеттік биліктің қалың бұқараға арналған қыруар жұмыстарын баяндай келе, қоғамда жүргізіліп жатқан шарадан қалыс қалмай, білек сыбана қатысуға шақырса, Д.Жүнісбеков қаланы абаттандыру, көгалдандыру мәселелерін қозғады. Ал, жер қатынастары бөлімінің бас маманы жер заңнамасына енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың негізгі мазмұнына тоқталып, балабақша қызметкерлер қойған сауалдарға жауап берді.

Комментарии закрыты.