Туризмді дамыту тетігі

Қалалық жас көшбасшылар қауымдастығы мен жастар ресурстық орталығы тың жобаны қолға алып отыр. Ұлт ұясы Ұлытаудың тарихын насихаттап, тұрғындардың жаз мезгіліндегі демалысын қызықты өткізу арқылы өңірлік туризімді дамытуға негізделген жаңа жоба турасында орталықтың жастарды сүйемелдеу және оларға қызмет көрсету бөлімінің басшысы Аян Сартаев әңгімелеп берген болатын.

– Бұл жоба қала жастарының жазғы уақыттарын тиімді әрі қызықты өткізу ниетінде жүзеге асырылмақ. «UlytauCamp» жастардың этно-лагерінің шеңберінде ұлттық салт-дәстүріміз бен құндылықтарымызды дәріптеу, көшпенділер сүрлеуімен жаяу сапар ұйымдастыру күтілуде. Лагерьге қызығушылық танытқан жастармен Жошы хан, Алаша хан, Домбауыл мазарлары мен Басқамыр қалашығына ат шалдырып, Әулиетауға саяхаттауды да жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, ұлттық тағамдар байқауын ұйымдастыру, «Ұлытау» тарихи-мәдени қорық мұражайын аралату лагерь бағдарламасына енгізілді.

Жалпы, жоба үстіміздегі шілде және тамыз айларында жүзеге асырылмақ. Лагерь жұмысы ақылы. Оның құны 5-7 мың теңге аралығында болады. Тарихи орындарға сапар шегіп, жаз қызығын бізбен бірге өткіземіз десеңіздер асығыңыздар.

Комментарии закрыты.