Қоқыс тазартылмай жатып…

20160715-03-4Сәтбаев даңғылы бойындағы  «БанкЦентрКредиттің» қасында орналасқан қоқыс төгетін жердің маңында бір аптадан бері құрылыс қалдығы, кесілген тал бұтағы шашылып жатыр.

Қаланы қоқыстан тазартуды мойнына алған «СәтТазалық» ЖШС жәшіктің ішіндегі болмаса, сыртындағы қоқысқа қарамайды да.

Бір қызығы, қоқысты тазаламай жатып, жәшіктің айналасындағы қоршауды әктеп жатқан «Әли Агро» ЖШС жұмыскерлерінің әрекетін көріп, қайран қалдық. Басшылар тапсырма берді екен деп, тұра шабатын осындай әрекет ерсі екені көрер көзге ұрып-ақ тұр.

Комментарии закрыты.