Еңбек жасағы іске кірісті

Қоршаған ортаны қорғау ісіне, қаланы көгалдандыру мен абаттандыру жұмыстарына жастарды жұмылдыру ниетінде құрылған «Жасыл Ел» еңбек жасағы өз жұмысын бастады.

Еңбек маусымының ашылуына орай спорттық-сауықтыру кешенінде «Жастар таңдауы – жасыл ел!» атты жас табиғат қорғаушылар форумы өтті.

20160722-02-04

Форумда жасыл­ел­дік­тердің жұмысына қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруа­шылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Д.Жүнісбеков сәттілік тіледі.

«Жасыл Ел» сарбазы Жансая жасақ құрамындағы құрбы-құрдастарын сапалы еңбек етуге шақырды.

Жастар ресурстық орталығының жастарды сүйемелдеу және оларға қызмет көрсету бөлімінің басшысы А.Сартаевтың айтуынша, биылғы еңбек маусымына қала бойынша 35 сарбаз тартылған. Олардың айлық жалақысы — 40 мың теңге.

Комментарии закрыты.