Қоржында қола медаль

Жуырда Қарағанды қаласында облыстық туризм, денешынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған 1997-98 жылдар аралығында туған жасөспірімдер арасында дзюдо күресінен облыстық біріншілік өтті.

Оған біздің қаламыздан №19 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің оқушысы, Анненск кенішіне қарасты «Жастар» спорт сарайының тәрбиеленушісі Сұлтанғали Әкімғали қатысып, 42 кг салмақ дәрежесінде 60 баланың ішінен ІІІ орынды еншілеп қайтты.

Қазір Сұлтанғали жаттықтырушысы М.Садырбаевпен Павлодар қаласында 20 мамырда өтетін Қазақстан Чемпионатына дайындық үстінде.

Бағдат Қазкенов.

Комментарии закрыты.