«Қатын» мен «әйел» айырмашылығы

20160722-03-02Мынаны ескертемін: «қатын» – қазіргі қазақ тілінде архаизмге айналған ұғым, әуелгі заңдық құқы мен мағынасы – дәрежелік атау. Отағасыдан кейінгі заңды билік иесі, жерге мұрагерлік ететін, мүлік пен малдың еншілесі, сыбаға басы.

Қазақ қоғамында қатын иерархиялық (әулеттік) орнына қарай: бәйбіше, тоқал, құдағи, құдаша, келін, қыз, абысын, ажын, жеңге болып жіктелеген, сондай-ақ, еркекпен тең құқықта — нағашы, жиен, бөле ретінде әрқайсысы өз орнына қарай билікке араласып, енші алып, тиісті сыбағасын бөліскен. Тіпті күңнің де мұрагерлік құқы болған.

Сөзіміз сенімді шығуы үшін «Хатун — титул представительницы ханского рода. Им обладали даже те дочери ханов, которые состояли в браке с представителями менее знатных семейств. Супруги ханов из числа дочерей беков не имели права на этот титул и назывались обычно уджин (фуджин) или беки (бегім — Т.Ж.), впрочем, в летописной традиций их также могли называть хатун, несколько повышая их статус», — деген орыс ғалымдары Р.Ю. Почекаев пен И.Н. Почекаеваның пікірін түпнұсқа бойынша келтірдік.

Ал, бүгінгі әдеби тіл айналымындағы «әйелдің» араб тіліндегі мағынасы — күңсі, яғни күңнен де төмен, бас еркі жоқ, өлсе — құнсыз, еңбегіне жалақы төленбейтін, туған баласы да есепке алынбайтын басыбайлы үй салмасы. Кеңестік теңгерме саясат тұсында сауаты төмен, тәрбие мен әдеп сіңбеген белсенді қазақ әйелдері: «біз меншік иесі — қатын емеспіз, мал-мүліксізбіз, басыбайлы крестьянка сияқты біз де әйелміз» деп таптық астар беріп, 1927 жылдан бастап шыққан журналдың атын «Әйел теңдігі» (кейінгі «Қазақстан әйелдері») деп атады. Содан бастап «әйел» ұғымы жазба әдеби тілдік термин ретінде қалыптасып қалды.

Комментарии закрыты.