Жұмысты күшейту тапсырылды

Қала әкімі С.Медебаевтың төрағалығымен әкімдік мүшелерінің кезекті отырысы өтіп, онда 18 мәселе  қаралды.

Бірінші болып экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы М.Бапов қаланың 2011 жылғы І-тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық өсуі жайында ақпарат берді. Сәтбаев қаласы білім жүйесінің алдағы уақытта даму жағдайы туралы қалалық білім, денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ш.Жанасылова баяндаса,  келесі үш мәселе бойынша – мүлікті қалалық коммуналдық меншікке қабылдау, аяқталған нысанды қалалық коммуналдық меншікке қабылдау,  соттардың шешімдері бойынша міндеттемелерді орындауға арналған жергілікті атқарушы органның  резервінен қаржы бөлу туралы –  қаржы бөлімінің басшысы Е.Сәкеев баяндады.  Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту орталығы мемлекеттік мекемесін құру, жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асыру мәселелері жөнінде қалалық комиссияның ережесі туралы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Б.Апеков ақпарат жеткізді. Мемлекеттік құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Н.Салихов Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 16 наурыздағы  «2011 жылдың сәуір- маусым, және қазан-желтоқсан айларында азаматтарды жедел әскери қызметке шақыртуды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» №06/15 қаулысына өзгерістер енгізу туралы баяндаса, қалық сәулет және құрылыс бөлімінің сектор меңгерушісі Т.Айтжанов пәтерді дүкенге қайта жабдықтауға рұқсат беру туралы ақпарат берді.  Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі Ғ.Сүтбаев мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйге пайдалану құқығын беру туралы қаулы-жобасын ұсынды. Күн тәртібінде қаралған жер телімдеріне  жекеменшік құқықтарын беру туралы, жер телімдеріне уақытша өтеуге жерді пайдалану құқықтарын беру туралы, жер учаскесіне құқық беруден бас тарту туралы жер қатынастары  бөлімінің басшысы Л.Қараторғаева баяндады. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы С.Тезекбаева отырыстың үш мәселесі бойынша, яғни қорғаншылық тағайындау туралы баяндады.

Қаралған 18 сұрақтың барлығына қатысты тиісті қаулы қабылданды.

Отырыс соңында қала әкімі мекеме басшыларына салалардағы жұмыстарды күшейте түсуді тапсырды.

Бағдат Қазкенов.

Комментарии закрыты.