Бірлескен жұмыс қажет

20160729-02-3Өткен аптада қалалық әкімдіктің үлкен залында шаһар тазалығы мен абаттандырылуына қатысты жиын өтті.

Қала басшысы Асқар Ыдырысовтың төр­аға­лы­ғымен өткен бас қосуға «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС филиалының тау-кен өндірістік кешенінің өндіріс жөніндегі директоры Б.Қиянбеков, «Жез­қазғантүстімет» ӨБ-не қа­расты өндіріс ошақ­тарының басшылары мен өкілдері қатысты.

Тұрғын-үй ком­­му­­нал­дық шаруа­шылығы, жолаушылар көлігі жә­не автокөлік жолдары бөлімінің басшысы Д.Мейірбек көктемгі үш айлықта атқарылған жұмыстарды баяндады.

Бөлім басшысының ай­туынша, қаланың сани­тарлық тазалығы мен абаттандырылуына байланысты қалалық әкімдік пен «Қазақмыс» корпорациясы басшылығы арасында іс-шаралар жоспары бар. Соған қарамастан, кейбір кеніштер мен өндіріс орындары соңғы кездері өзде­ріне бекітілген аумақтарда соңғы кездері тазалық жұмыстарының тұрақты атқарылуына атүсті қарай­тындары жа­сырын емес деген Д.Мейірбек, корпорация басшылығына бірқатар ұсынысын жеткізді.

Әсіресе, арнайы техникалармен қамту, тазалық жұмыстарына ұжымдардың біркісідей қатысуын қамта­масыз етуге күш салуды сұра­ған бөлім басшысына Б.Қиянбеков алдағы уақытта бұл мәселелердің шешілетінін айтты.

– Осыдан он, он бес жыл бұрын ұжымдардың бейсенбілік, сенбілікке қатысулары қарқынды деңгейде жүретін. Жасыратыны жоқ, соңғы кездері бақылаудың бостығынан кейбір мекемелер мен кәсіпорындар өздеріне бекітілген ықшамаудандар мен аумақтарда тазалық жұмыстарын жүргізуге немқұрайлы қарады. Корпорация тарапынан бұл мәселені бір жолға қойып, тұрақты түрде жұмыс атқарамыз.Осы тұста айта кету керек, «Кеншілер даңқы» алаңы қайта жөндеуден өтіп, айналасы абаттандырылуда, – деді Б.Қиянбеков.

Сондай-ақ, жиын барысында кеніштерге қарасты аялдамаларды күтіп ұстау жайы да сөз болды. Жалпы қалада шахталарға қарасты 15 аялдама болса, көбісінің жағдайы сын көтермейді.

– Қазір шаһардың та­залығы өткір тұр. Бір кездері республика көлемінде таза қала атағын иеленген кеншілер шаһарының қазіргі жағдайы алаңдатарлықтай. Осы мәселені шешуде бірлесе жұмыс атқарсақ, қала көркі мен тазалығы байырғы қалпына келері сөзсіз, – деп жиынды түйіндеді Асқар Абылайұлы.

Комментарии закрыты.