Арамшөп басқан саябақ

Жаза-жаза жауыр болған «Жеңіс» саябағының жағдайы күн санап кері кетіп барады. Қураған тал, жапырағын құрт жеген жасыл желектер аянышты күйде. Оған талдың биіктігіндей болып өскен арамшөпті қосыңыз.

Ала жазда бір күтім көрмеген саябақтың ішіндегі арамшөп жаяу жүргіншінің жолын басып қалған. Қалада тазалық жұмыстарымен айналысатын қаншама кәсіпорындар мен мекемелер, арнайы құрылған «Жасыл Ел» еңбек жасақтары бар. Алайда, осылардың бірі де саябаққа қамқорлық көрсетпегендіктері көзге ұрып-ақ тұр.

Қалада тұрғындар демалатын орындар онсыз да жоқтың қасы. Барын бағалап, күтім жасай алмай отырғандарға саябақтың қазіргі күйі үлкен сын.

Бағдат Қазкенов.

Комментарии закрыты.