Үш мәрте ерлік көрсетті

Қарағанды облыстық ТЖД 5 жастағы қызды құтқарған Анастасия Пхенданы марапаттады.

Настя 9 жаста, бірақ, өзінің жас болғанына қарамастан үлкендердің көбі жасай алмайтын әрекетке барған.Өз өмірін тәуекелге тігіп, Настя сазға батқан 5 жасар қызға көмектескен. Үлкендер 5 жасар қызды іздеп жүргенде, оны кездейсоқ көріп қалған Настя Пхенда өзі жүзе білмесе де қыз баланы батпақтан шығарып алады. Барлығы жақсы аяқталды. Бұл Настяның баланы бірінші рет құтқарып қалуы емес. Былтыр жазда ол кішкентай қызды ағаштан түсіріп алды және 4 жасар ұл баланы автокөлік басып кетуінен сақтап қалды.

Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті Настяның бұл батыл іс-әрекетін назардан тыс қалдырмады. Қыз балаға алғыс хат пен сыйлық табыстады.

Ғаламтор жаңалықтары бойынша дайындаған Бағдат Қазкенов.

Комментарии закрыты.