Көлік қызметкерлеріне құрмет

20160812-01-4Ш.Ділдебаев атындағы Кеншілер сарайында көлік және байланыс қызметкерлері күніне орайластырылып салтанатты жиын өтті.

Бұл күні «Вираж Сервис Караганды» ЖШС филиалы автөкөлік тасымалдау кәсіпорнының үздік әрі тәжірибелі жүргізушілері құрмет төріне көтеріліп, үздіктер марапатталды.

Кәсіпорын директоры Серік Асылбеков әріп­тестеріне өзінің мерекелік құттықтауын жеткізе келе, ел экономикасының күре тамырына айналған көлік инфрақұрылымының соңғы жылдардағы жетістіктерін атап өтті.

– Өндірісті өңірде көлік байланысы қашан да жоғарғы маңызға ие. Біздің ұжымның білікті де майталман мамандары осы жауапкершілік үдесінен мүдірмей өтіп келеді. Жаңа техникалардың дәуірінде тың жігер мен күш-қуат өндіріс процесінің толастамауына сепші болмақ,– деді Серік Ошақбайұлы.

Сондай-ақ, салтанатты шарада кәсіби мамандық иелеріне «Нұр Отан» партиясы «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС жанындағы Қарағанды филиалы тарапынан да ыстық лебіздер білдірілді.

Мерекелік кеш жергілікті өнерпаздардың өнерімен әспеттеліп жатты.

Комментарии закрыты.