Жаңа прокурор тағайындалды

20160812-01-3Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 1 тамыздағы Жарлығымен Жанқозы Нақышев Сәтбаев қаласының прокуроры болып тағайындалды. Осыған орай, өткен жұма күні қалалық әкімдікте жиын өтіп, Қарағанды облысы прокуратурасының басқарма бастығы Марғұлан Қалиақпаров жаңа прокурорды қала активіне таныстырды.

Ж.Нақышев Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы бойынша тә­мам­даған. Про­куратура саласында 2001 жылдан бастап еңбек етуде. Бұл қызметке дейін ол Жезқазған қаласы проку­рорының көмекшісі, Қа­рағанды облысы про­куратурасының мемлекеттік тіл және БАҚ-пен байланыс жөніндегі аға көмекшісі, Балқаш, Теміртау қалалары мен Бұқар-жырау, Қазыбек би аудандары прокурорының орынбасары қызметтерінде болған.

Комментарии закрыты.