Ақыл-ой жарысы

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 66 жылдығына арналып, өткен аптада Спорттық-сауықтыру кешенінің шахмат клубында 1995-1999 жылғы туылған жасөспірімдер арасында шахмат жарысы өтті. Жарысты қалалық мәдени-сауықтыру спорт орталығы ұйымдастырды. Оған Сәтбаев пен Жезқазған қалаларынан барлығы 16 жасөспірім қатысты.

Шахмат клубының нұсқаушысы Ә.Молдағалиев, Жезқазған аймағының аға жаттықтырушысы Ә.Қожабеков және мәдени-сауықтыру спорт орталығы директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары М.Джумабекова турнирге төрешілік етіп, жарыстың қорытындысын шығарды.

Жоғарғы сыныпта ІІІ орынды  С.Кенжеханов, ІІ орынды Ж.Мұстафин, І орынды А.Ерзаков иеленсе, төменгі сыныпта ІІІ орынды Н.Тажибеков, ІІ орынды И.Боранбаев, І орынды Ж.Кенжеханов иеленді. Сонымен бірге қыз балалар арасында ІІІ – А.Орумбаева, ІІ – А.Бейсембаева және І – А.Глушкова иемденді.

Барлық жеңімпаздар грамоталар мен сыйлықтармен марапатталды.

Марал Шахаева.

Комментарии закрыты.