Ойлан, қазақ! Өмірзақ АҚЖІГІТ:

Бізде орыс «отаршыл­ды­ғына» орай осылай сөйлеу әбден қалыптасып кетті. Біріншіден, қит етсе «отар ел» болғаныңды айтудың өзі өрескел. Мақтанатын нәрсе ме сол? Әрі бүгінгі кемшіліктің бәрін соған жауып, ақтала алмаймыз.

Екіншіден, егер егемендікке 1991 жылы жетсек, орыстың қол астында 1691 жылдан жүруіміз керек. Ал, хандық жүйе 1822 жылы ғана жойылды. Шын мәнінде отарлау 1861ж. Ресейде «крепостное право» жойылған соң, Сібір мен қазақ жеріне шаруаларды қоныстандыра бастаған (М.Әуезов «Абай жолында» соны көрсетіп кетті) кезден ғана етек жайды. Сонда кеңес кезеңін қосқанның өзінде 100 жылға зорға жетеді.

Үшіншіден, азаттық алғамызға — 25 жыл, ал, біз жерден, тілден, ұлттық қасиеттен айрылудың алдында тұрмыз. Жер үшін жанталасып жатырмыз. Тіл үшін күрес әлі алда тұр. Қытай ойшылынша айтсақ: «бұрын бодан едік, қазір бодан болғандардың боданымыз». Міне, нағыз бодандық! Ал, біз орыс «отаршылдығын» өсіре айтуды қоймаймыз…

Комментарии закрыты.