Ұлытаудан Аралға дейін

Қазақ ұлттық географиялық қоғамы «Ұлытау – Арал теңізі» ғылыми экспедициясын ұйымдастырды. Экспедиция бастауын Жезқазған қаласынан алды. Оның құрамында археолог, этнограф, географ ғалымдар, этнотуризм мамандары бар.

Бұл ғылыми сапардың мақсаты – Орталық Қазақстан мен Арал аймағын байланыстыратын туристік жоба картасын, Ұлытау өңіріне келетін саяхатшыларға арналған жолбағдар кітапшасын жасауды қолға алу және Арал теңізінің гидробиологиялық хал-ахуалын зерттеу болып табылады.

Экспедиция мүшелері сапардың бірінші күнін мыңжылдық тарихы бар Теректі әулиеде өткізіп, одан әрі Ұлытау ауданының Байқоңыр, Қоскөл елді мекендеріне, Арал-Асар қалашығы мен Кердері кесенесіне, Барсакелмес қорығына және «Байқоңыр» ғарыш кешеніне қарай жол тартты. Экспедицияның жалпы қашықтығы – 4 мың километр.

Мәди Әлжаппаров.

Комментарии закрыты.