Алда – әлемдік чемпионат

20160819-01-2Жақында Қарағанды қаласында қоян-қолтық ұрыс жекпе-жегінен 14-15 жас аралығындағы  жасөспірімдер арасында  ел чемпионаты өтті.

Бұл байрақты бәсекеде жеңістің тұғырынан көрінгендердің қатарында сәтбаевтық спортшылар да бар. Спорт шебері Нұрқанат Қуанышбековтың төрт бірдей шәкірті өз салмақ дәрежелерінде топ жарып, жүлде олжаласа, оның үшеуі Молдавияның астанасы – Кишиневте өтетін әлемдік чемпионатқа жолдама алды.

– Еркебұлан Сламбек 75 келіден жоғары салмақ дәрежесінде қарсыласын ойсырата ұтып, ә дегеннен жүлденің хабарын сүйіншілетті. Ал, 60 келі салмақ дәрежесінде Данияр Байдуәлетов, Сембі Әбдіжәлел, 39 келі салмақта Азамат Шәкіров қатарластарынан оқ бойы озық шығып, күміспен күптелді.

Төрешілер бұл балалардың спортқа деген ынтасын жоғары бағалап, ойын барысындағы ұпайларына сай Данияр Байдуәлетовке, Азамат Шәкіров пен Еркебұлан Сламбекке әлемдік чемпионатқа жолдама берді. Бір айта кетерлігі, Данияр Байдәулетов ақтық сында салмақ дәрежелері мен ұпайы жағынан тең түскен қарсыласы бір қаланың намысын қорғап жүрген Сембі Әбдіжәлелге жолын беріп, мәрттік жасады, – дейді жас спортшылардың бапкері Н.Қуанышбеков.

Кәсіби спортшылардың төл мерекесі қарсаңында қуанышты хабармен оралған жас спортшыларымыздың жеңісі әлемдік чемпионатта да жалғасын табады деп сенеміз.

Топтаманы әзірлеген Бағдат Қазкенов. Суреттер автордікі.

Комментарии закрыты.