Спорт күні мерекесімен! С Днем спорта!

 

Құрметті спортшылар, жаттықтырушылар, спорт ардагерлері және спортсүйер қауым!

Спорт күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл мереке жас пен мамандығына қарамастан, спортты және салауатты өмір салтын жақтайтын барлық жандарды біріктіреді. Спортпен және дене тәрбиесімен шұғылдану адамның тәнін ғана емес, рухын да шынықтырады, ерік-жігер, мақсаттылық, табандылық секілді қасиеттерді қалыптастырып, қауымдастық және жолдастық сезімін туындатады. Спорт мерекесіне сыйлық ретінде биылғы жылғы Бразилияның Рио-де Жанейро қаласында ХХХI Жазғы Олимпиада ойындарының өтуі мен оған біздің жерлесіміз Рима Кашафутдинованың қатысқандығын ерекше зор мақтанышпен айтуға болады.

Біздің қаламыз бірнеше мәрте республикалық және халықаралық деңгейде түрлі спорттық шаралар ұйымдастыру алаңына айналды. Ең биік жетістіктер мектеп және балалар спорт алаңдарындағы спорттық жаттығулардан бастау алады. Сол себепті, салауатты өмір салтын насихаттау, дене шынықтыру және спорттық шараларға жас ұрпақты тарту – бүгінгі күннің басты міндеттерінің бірі. Осы мереке күндері спорттық жарыстарда жетістіктер көрсеткен бапкер-жаттықтырушыларға және спорттық бірлестіктердің жетекшілеріне алғысымызды білдіреміз.

Сіздерге таусылмас күш-жігер, мықты денсаулық, спорттық ұзақ ғұмыр мен спорт алаңдарында және жарыстарда табыстар тілейміз!

Барлық бастамаларыңыз сәтті, дендеріңіз сау, көңіл-күйлеріңіз шат, жандарыңыз сергек болсын! Мереке құтты болсын!

20160819-01-1

Уважаемые спортсмены и тренеры, ветераны спорта и любители физической культуры!

Сердечно поздравляем вас с замечательным праздником – Днем спорта!

Этот праздник объединяет всех сторонников спорта и здорового образа жизни, независимо от возраста и профессии. Символичным подарком к нему стало проведение XXXI летних Олимпийских игр в Рио-де-Жанейро, в которых принимает участие и наша землячка Рима Кашафутдинова.

Наш город по праву и неоднократно становился площадкой для проведения республиканских и международных соревнований по различным видам спорта.

Высокие достижения начинаются со школьного двора, с детских спортивных площадок и секций. Поэтому пропаганда здорового образа жизни, привлечение подрастающего поколения к активным занятиям физической культурой и спортом – одна из приоритетных задач сегодняшнего дня. От ее успешного решения во многом зависит здоровье молодежи, всей нации, могущество страны.

Самые теплые слова благодарности в этот праздник мы говорим детским тренерам и руководителям спортивных объединений за реальные спортивные достижения. Вы не только работаете на положительный имидж города, но и являетесь примером для остальных жителей региона.

Желаем всем крепкого здоровья, счастья, несгибаемой воли к победе и новых спортивных достижений!

Сәтбаев қаласының әкімі А. Ыдырысов. Қалалық маслихаттың хатшысы Т. Хмилярчук.

Аким города Сатпаев А. Идрисов. Секретарь городского маслихата Т. Хмилярчук.

Комментарии закрыты.