Мектеп құрылысында болды

Шаһарда бой көтерген 6-шы ықшам ауданда салынып жатқан білім ошағының сапасын бақылау мақсатында қалалық кеңес мүшелері құрылыс алаңына барды.

Құрылыс жұмыстарына жауапты «Строй-ИН Астана» ЖШС өкілі Жәнібек Шекебаевтың айтуынша, бұл білім ошағы Астана, Алматы қалаларындағы мектептердің заманауи жобасында салынған.

Республикалық және облыстық бюджет есебінен бұл құрылысқа 200 миллион теңге бөлінген.

– Жұмыста кешеуілдеу бар. Оған себеп – құрылысқа қажетті материалдардың өзге қаладан жеткізілуі және мектеп құрылысының күрделілігі. Соған қарамастан, жұмыс қарқынды жүргізілуде. Бастауыш сыныптар оқитын бөлігін қыркүйекте өткіземіз. Қалған бөліктері кезең-кезеңімен тапсырылады. Балалардың сапалы әрі жылы оқу ордасында білім алуына бар күшімізді салудамыз, – деді құрылыс алаңының басшысы Ж.Шекебаев.

Қоғамдық кеңес мүшелері ғимаратты толық аралап шыққаннан соң, жұмысты ширата түсіп, құрылыс сапасының талаптарға сай болуын тапсырды.

Айта кету керек, бұл білім ошағы Жезқазған кенті тұрғындарын толық көшіру жұмыстары аяқталған соң өз есігін айқара ашады.

Бағдат Қазкенов.

Комментарии закрыты.