Мерейі үстем «Нұрбөбек»

Алматы қаласында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Спорт жұлдыздары» республикалық ғылыми-әдістемелік, спорттық-патриоттық журналының ұйымдастыруымен «Үздік балабақша» республикалық байқауы өткен болатын.

Аталмыш байқауға кенді қала атынан қатысқан №5 «Нұрбөбек» бөбекжай балабақшасының ұжымы «Үздік қалалық балабақша» аталымында жүлделі ІІ орынды еншілесе, жас ұрпақты тәрбиелеу ісінде сіңірген зор үлесі үшін балабақша меңгерушісі Жамалқия Жаппасова «Тәуелсіздікке қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды.

– Жалпы бұл рес­публикалық байқауда балабақшалардың мате­риалдық-техникалық базасы, педагогикалық-әлеуеттік құрылымы, тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің жетістіктері сарапқа салынды.

Мерейі үстем болып, жеңімпаздар сапынан көрінген нұрбөбектіктердің бұл жеңісі балабақша ұжымы мен ата-аналары үшін де, қала үшін де зор мәртебе,– дейді қалалық білім бөлімінің әдіскері Гүлсім Есмұрзаева.

Комментарии закрыты.