Саудаға шығарылады

Жақында қалалық әкімдікте «Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кешенді жоспарына» енгізілген жекешелендіруге жататын «Тазалық-2020» ЖШС-ін жекешелендіру бойынша баспасөз туры өтті.

Қалалық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ербол Сәкеевтің айтуынша, серіктестіктің жарғылық капиталындағы мемлекеттің қатысу үлесі – 49 пайыз.

– «Тазалық-2020» ЖШС 2011 жылғы 30 желтоқсандағы №29 қала әкімдігінің Қаулысы негізінде 2012 жылдың 9 ақпанында құрылған.
Қаланы абаттандыру және көгалдандыру, ғимараттарды қайта қалпына келтіру, автокөлік жолдарын күтіп ұстау, көшені жарықтандыру сынды жұмыстар құзырына енетін серіктестік 100-ден аса адамды жұмыспен қамтыған. Ұлытау ауданы аумағындағы елді-мекендерді де абаттандыру мен көгалдандыру бойынша мемлекеттік тапсырыстарды орындауды қамтамасыз етіп келді.

2014 жылы кәсіпорын қызметі нәтижесінде түскен түсім 238415 мың теңгені құраса, 2015 жылы 113301 мың теңгені құраған.

Қазіргі уақытта www.gosreestr.kz мекен-жайы бойынша ғаламтор желісінде орналасқан мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы арқылы мекеменің жарғылық капиталындағы 49 пайыз мемлекеттің қатысу үлесін сату жұмыстары жүргізілуде. Ағымдағы жылдың 1 наурызында және 26 сәуірінде электрондық тендер тәсілімен сауда-саттыққа шығарылды. Тендер басталған сәтте жекешелендіру нысаны бойынша қатысушы болмағандықтан, сауда-саттық өткізілмеген болып танылады. Осыған байланысты, қыркүйек айында серіктестікті жекешелендіру бойынша сауда-саттыққа шы­ғарылады деп жоспарлануда.

Бұл нысанды бағалау Қазақстан Республикасының бағалау қызметі жөніндегі заңнамаларына сәйкес жүргізіледі. Оның құны – 770280 мың теңге. Сауда-саттыққа кез-келген азамат қатыса алады, – деді бөлім басшысы Е.Сәкеев.

Бағдат Қазкенов.

Комментарии закрыты.