Оқуға шақырған қоңырау үні қаланың барлық мектептерінде соғылды

Тағы бір оқу жылы басталды. Қала мектептері шәкірттерін алтын ұяларында құшақ жая қарсы алып жатыр. Үкілі үміттері, асқақ армандары бар жоғарғы сынып оқушыларының жүзінде ерекше қуаныш сезілсе, білім ошағын алғаш аттаған балақайлардың дидарында қобалжу бар.

Бұл көріністі қаланың барлық мектептерінде білім күніне арналған салтанатты жиында байқадық.

Жалпы, қалалық білім бөлімінің ақпаратына сүйенсек, биыл қала мектептерінде 1250 бала алғаш рет білім нәрімен сусындауға келсе, келер жылы түлеп ұшатын оқушылардың саны – 347.

Ал, жоғарғы оқу орнын тәмамдап келген жас педагогтардың үлес салмағы 18-ді құрап отыр.

– Жылдағы көрсет­кіштерге талдау жа­сағанда байқалғаны – биыл бірінші сынып оқушыларының қа­та­ры біршама өс­кен. Жаңар­тылған бі­лім мазмұнына сәй­кес, бірінші сынып оқушылары бес күн жаңа әдістемелер бой­ынша білім алатын болады, – дейді бөлімнің бас маманы Салтанат Айжанова.

Комментарии закрыты.