Атқарар міндеттер ауқымды

«Нұр Отан» ХДП Сәтбаев қалалық филиалы Саяси кеңесі Бюросының кезекті отырысы өтті. Саяси кеңес Бюросының отырысы марапаттаудан басталды. Үшінші сәуірде өткен Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында белсенділік танытқан қоғамдық штаб мүшелері мен Елбасының сенімді өкілдері болып табылатын азаматтар Елбасының Алғыс хатымен марапатталды.

«Нұр Отан» ХДП Сәтбаев қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ж.Дәрібаевтың төрағалығымен өткен жиынға бюро мүшелері, «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері, қалалық мәслихат депутаттары қатысты.

Саяси кеңес Бюросының күн тәртібінде 5 сұрақ қаралды. Бірінші сұрақ бойынша партияның 2020 жылға дейінгі бағдарламасының білім саласы бойынша жүзеге асырылу барысы жайында қалалық білім, денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ш.Жанасылова баяндады.  Одан кейін партиялық бақылау комиссиясының жұмысы туралы партиялық бақылау комиссиясының төрайымы А.Төлендина мәлімет берсе, «Нұр Отан» ХДП Сәтбаев қалалық филиалы жанындағы жемқорлықпен күрес жөніндегі Қоғамдық кеңес төрағасы И.Велиев қаламызда жемқорлықпен күрес жұмысының орындалу барысына тоқталды. Жарғылық мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асырудағы Жезқазған кентіндегі «Нұр ұя» бастауыш партия ұйымының атқарып жатқан жұмысы жайында ұйымның төрайымы С.Ткачук мәлімет берді. «Жас Отан» жастар қанатының Сәтбаев қалалық филиалының атқарушы хатшысы Н.Наурызбаев «Жас Отан» жастар қанатының 2008-2011 жылдарға арналған іс-әрекеттер Стратегиясының жүзеге асырылуы жөнінде баяндады.

Отырыс барысында жасотандықтардың құрамын тек мектеп оқушыларымен ғана толықтырып қана қоймай, жоғарғы оқу орындарының студенттері мен мемлекеттік мекемелердегі, кәсіпорындардағы жас мамандармен толықтыру керектігі сөз болды. Осы мақсатта жастар орталығын ашу туралы ұсыныс-пікірлер қабылданды.

Бағдат Айтөреұлы.

Комментарии закрыты.