Тоғыздан топ жарды

Облыс қалалары арасында өтетін дәстүрлі  «Арай-2016» спартакиадасы  биыл он бірінші рет өз мәресіне жетті.  Облыстың тоғыз қаласының «мен» деген спортшылары алты ай бойы спорттың 12 түрінен күш сынасты…

Қалаларда өткен іріктеу кезеңдерде мол ұпай жинаған спортшылар ақтық бәсекеге жолдама алды. Сол тоғыздың ішінен топ жарған сәтбаевтық спортшылардың қанжығасы қомақты жүлдемен майланды. Олар ІІ орынға ие болды.

– Облыста атқарылып жатқан бұл игі істер Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бұқаралық спортты дамыту бағытындағы тапсырмаларын жүзеге асырудың бір парасы. Спартакиадаға қатысушылардың саны жыл санап өскендігі байқалады. Біздің жігіттер мен қыздар кенді қала спортының әлеуетін паш етіп, «жеңіс туын» желбіретіп қайтты, – дейді қалалық денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Зухраб Даумбаев.

Топтаманы дайындаған Бағдат Қазкенов.

Комментарии закрыты.