Насихат тобы спорт мектебінде

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың халыққа Жолдауын ел арасында кеңінен насихаттауға байланысты құрылған ақпараттық-насихат тобының мүшелері Жезқазған кентіндегі Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ұжымымен кездесіп қайтты.

Топ лекторлары – Весовая елді мекеніндегі кітапхана меңгерушісі О.Владимирова мен қалалық «Шарайна» газетінің бас редакторы М.Жаппасбаева тыңдаушыларға Жолдаудың жолдарынан үзінділер келтіре отырып, жан-жақты талдап, жеке түсіндірді.

–    Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев 15 жыл бойы Қазақстан халқына Жолдау жасап, еліміздің даму бағыттарына жол салып беріп келеді. Әрбір Жолдауда Елбасы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму бағыттарын айқындауда қателескен емес. Дағдарыс кезінде «Дағдарыстан – дамуға» деген ұран көтердік, оның нәтижесінде қиындықтарды айналып өттік. Енді, міне, кезектен тыс президенттік сайлауда Елбасымыздың өкілеттігін тағы да ұзартып «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» деген Жолдауды жүзеге асырудамыз. Мұндағы қаралған бағдарламалар қарапайым адамдардың қүнделікті мәселелерін шешуге бағытталған. Жаңа әлеуметтік саясаттың басында тұрған білім беру, денсаулық сақтау салаларына сіздердің тікелей қатыстарыңыз бар. Себебі, Елбасы аурудың алдын алуға шындап кірісу керектігін, яғни профилактикалық жұмысты сауатты ұйымдастырып, салауатты өмір салтын насихаттап, жүргізуді талап етіп отыр. Ал, салауатты өмір дегеніміз – спорт. Олай болса, сіздерге жүктелген міндет те салмақты. Салауатты өмірмен, сапалы біліммен болашақтың іргесін Елбасымен бірге қалайық, – деді М.Жаппасбаева.
Спорт мектебінің директоры Ш.Шілдебаев тыңдаушылар атынан насихатшыларға алғысын айтты.

М.СМАҒҰЛ.

Комментарии закрыты.