Тұрғындардың базынасын тыңдады

20160909-01-2Өткен жұма күні қала әкімі Асқар Ыдырысов «Нұр Отан» партиясы Сәтбаев қалалық филиалында тұрғындарды қабылдады. Жергілікті филиал төрағасының қабылдауына алты тұрғын келіп, өздерінің арыз-шағымдарын жеткізді.

Оларды мазалайтын жайттар негізінен Весовая елді-мекенін көшіру, жұмыссыздық, тұрғын-үй-коммуналдық шаруашылығына қатысты түйіткілді мәселелер мен басапана алу жайы.

Шаһардың батыс бөлігінде орналсақан Сарыарқа көшелерінің тұрғындары жер үйлерге берілетін жылудың мардымсыз екенін және көшелерге асфальт салу, жарықтандыру сынды мәселелердің қашан шешілетінін сұрай келіпті.

Бұл сұрақтар бірте-бірте шешілетіндігін және мұндай істе тұрғындардың да ұйымшылдығы қажеттігін алға тартқан шаһар басшысы қалалық тұрғын-үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары және тұрғын-үй инспекциясы бөлімінің басшысы Д.Мейірбекке туындаған мәселелерді бақылауға ұстауды тапсырды.

Көпшілік қалада қоқыс тасымалымен айналысатын «Сәт Тазалық» кәсіпорнының жұмысына сын айтып, өкпе-реніштерін де білдірді.

Тұрғындардың базынасын тыңдаған Асқар Абылайұлы туындаған мәселелерге қатысты жауапты тұлғаларға тапсырмалар жүктеді.

Комментарии закрыты.