Үздіктерді үкіледі

20160909-01-3Ш.Ділдебаев атындағы Кеншілер сарайында қаланың намысын спорттық бәсекелерде ту етіп көтеріп жүрген саңылақ спортшыларымызға құрмет көрсетілді.

Кәсіби және әуесқой спортшыларымыз мәртебе төрінен орын алып, ұлықталған бұл күннің олар үшін маңызы зор болды. Қала әкімі Асқар Ыдырысов спорт саңылақтарын төл мерекелерімен құттықтап, кенді шаһар тарихында есімі қалған спортшыларымыз бен ардагер спортшыларға мол алғысын білдіріп, бір топ үздік жаттықтырушыларды облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының Алғыс хатымен және қала әкімінің Құрмет грамотасымен маратпаттады.

Бұл күнгі салтанатта қалалық мәслихат хатшысы татьяна Хмилярчук те бірқатар майталмандарды Құрмет грамотасымен марапаттады.

Салтанатты шара мұнан әрі қала спортының дамуына өз үлестерін қосып жүрген саңылақтарды қала әкімінің арнайы сыйақысымен марапататуға ұласты.

«Бұқаралық спорт саласындағы жылдың үздік спортшысы», «жылдың үздік бапкері», «Жылдың үздік спорт ардагері», «Мүмкіндігі шектеулі жандара арасындағы үздік спортшы» және «Жылдың ең үздік спортшысы» аталымдары бойынша жеңімпаздар анықталды.

Күні кеше ғана Бразилияның Рио де Жанейро қаласында өткен ХХХІ жазғы олимпиадасында жеңіл атлетикадан ел құрамасының сапында өнер көрсеткен жерлесіміз, жеңілатлет Рима Кашафудтинова «Жылдың ең үздік спортшысы» атағына лайық деп танылды.

Комментарии закрыты.