Еңбекке – құрмет

Мемлекеттік кірістер органдарының жүйесін дамытудағы елеулі үлесі үшін Сәтбаев қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Мылтықбай Серікбаев жақында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік кірістер органдарының» үздігі төсбелгісімен марапатталды.

Ел Тәуелсіздігің ширек ғасырлық мерейтойы қарсаңында салық саласындағы ұзақ жылдардағы еңбегі бағаланып, зор құрметке ие болған Мылтықбай Қордабайұлы бұл марапатты ұжымға берілген жоғарғы баға деп білемін дейді.

– Ұжыммен атқарған еселі еңбектің бағаланғаны осы емес пе?! Еліміздің салық органдары саласында ұзақ жыл еңбек еткен жандарға берілетін бұл жоғарғы марапат тек менің ғана емес, тұтас ұжымының ортақ марапаты. Тәуелсіздіктің торқалы тойы қарсаңында осындай сый-құрметке ие болу зор жауапкершілік те жүктейді, –дейді төсбелгі иегері Мылтықбай Серікбаев.

Топтаманы әзірлеген Бағдат ҚАЗКЕНОВ. Суреттерді түсірген автор.

Комментарии закрыты.