Сақтық шаралары күшейтілуде

Елді елең еткізген сібір жарасының алдын алу мақсатында қалада сақтық шаралары қолға алынғанын бұған дейін де жазған едік. Сол іс-шаралар өз жалғасын табуда.

Жақында қалалық ветеринария бөлімінің басшысы Әбусағит Әбдікер бастаған жұмыс тобы ет сататын дүкендерде болып, ондағы жағдаймен танысты. Мал етін сақтау, тұтынушылар құқығын қорғау талаптарынан бөлек, сойылған малға берілген анықтама қағазын, сатушының медициналық кітапшасы толық тексерілді.
– Соңғы уақыттағы облыс аудандарында дүркін-дүркін қайталанған сібір жарасы оқиғасынан кейін сақтық шараларын күшейтудеміз. Барлық ет дүкендері мен мал сою бекеттерінің тазалығы, сапалы қызмет көрсетуі бақылауда болады, –дейді ветеринария бөлімінің басшысы Әбусағит Әбдікер.

Комментарии закрыты.