Көріскенше, «Көк сандық!»

20160916-08-1Балалардың кітапқа деген қызығушылығын оятып, көркем туындылардың авторларын кеңінен насихаттау мақсатында «Көк сандықтың саяхаты»атты әлемдік акция бастау алған болатын.

Көшпелі «Көк сандық» шаһардағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасында бір ай көлемінде қонақта болып, жақында Весовая елді-мекенінің кітапханасына салтанатты түрде табысталды.

Бір ай көлемінде кітапханашылар «Көк сандықтағы» кітаптарды оқырмандарға таныстыру мақсатында әртүрлі іс-шаралар ұйымдастырды. Осы жоба аясында «Көк сандықтың саяхаты» атты көрме №29 және №33 балабақшалардың бүлдіршіндері мен мүмкіндігі шектеу балаларды оңалту орталығындағы ұл-қыздарымыздың назарларына ұсынып, кітаптарға шолу жасалды.

С.Базылбек, кітапханашы.

Комментарии закрыты.