Ақылды «еріншек»

Орманда екі адам ағаш шабады. Біреуі ұйқысынан ерте оянып, бір ағаш шапса, дереу екіншісіне өтіп тыным таппайды. Таңнан қара кешке дейін дәл осылай еңбектеніп, тынығу дегенді білмейді. Тіпті түскі тамақты да ұмытып кететін болыпты. Кешкісін қасындағы серігінен бірнеше сағат кейін үйіне қайтады екен. Екіншісі болса, ағаш шауып түсірген сайын біраз отырып тынығып, қас қарая бастағанда, үйіне қайтып кететін болыпты.

Бір апта бойы осылай еңбектенгеннен кейін, бір апталық ағашты санайды. Нәтижесінде екіншісінің шапқан ағашы көбірек екені мәлім болады. Біріншісі бұған ызаға булығып, қасындағыдан мұның сырын сұрайды. Екіншісі аз ғана езу тартып былай деп жауап қатады:
– Мұның анау айтқандай сыры жоқ. Сен тынбай еңбектенесің. Ал, мен ара-арасында тынығып, балтамды қайрап алам. Өткір балтамен ағаш шабу жұмысты жеңілдетеді әрі шаршамайсың.

P.S.  Өз-өзіңді жетілдіру, балтаны қайрағанға ұқсайды. Істің көзін табу керек. Кемшілік кездессе толықтырып, жетілдіре түсу қажет. Бұл рухани жан-дүние мен ой-өрістің кеңеюіне көп септігін тигізеді.

Әзірлеген Әлібек Әбдіраш.

Комментарии закрыты.