«Менің сүйікті қалам»

Дәл осындай тақырыпта Б.Бұлқышев атындағы орталықтандырылған кітапхана жүйесінде Қала күніне арналып бейнетүсірілім байқауы өтті.

Байқау негізінен мұғалімдер мен оқушылар арасында өтті. Оған компьютерлік озық технологияларды пайдалана отырып әзірленген слайдтар ұсынылды. Қатысушылар қаланың қалыптасуы мен дамуы жолында еңбек еткен тұлғалар өмірін, кеншілер ордасының бір күндік тынысы мен көрікті жерлерін өздерінің жұмыстарына арқау етті.
Жастардың бойында туған жеріне деген патриоттық сезімін оятып, сүйікті қаласын мақтаныш ету мақсатында ұйымдастырылған байқаудың жеңімпазы болып №1 мектеп-гимназияның 9 сынып оқушысы Кәмила Бауыржан танылды.

Топтаманы дайындаған Бағдат Қазкенов.

Комментарии закрыты.