Қарттар қамқорлықта

Қазына кеуде қарттарымыз – өткен тарихтың шежірешісі. «Қарты бар үйдің қазынасы бар» дейтін ұлтымыз қарттарымыздың көрегендігі мен ақылгөйлігіне бойұсынып, тұнып тұрған тәрбиенің көзі деп бағалайды.

Қарттықтың кемесіндегі ақсақалды аталарымыз бен ақ жаулықты аналарымыз өздеріне деген қамқорлықты мемлекет тарапынан да сезініп отыр. – Қазіргі таңда Сәтбаев қаласында 8048 зейнеткер есепте тұр. Оның ішінде 80 жастан асқандар – 864 адам. 8 Ұлы Отан соғысының ардагері бар. Жылдағы дәстүр бойынша биыл да 80 жастан асқан 864 қартқа жергілікті бюджеттен 3 мың теңгеден, жалпы, 2592,0 мың теңге көлемінде материалдық көмек көрсетіледі, – дейді жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Бауыржан Әпеков.

Б.Айтөреұлы.

Комментарии закрыты.