Керуен келді қалаға

Азық-түлік өнімдеріне, оның ішінде көкөніс, жеміс-жидекке бағаны тұрақтандыру мақсатында осымен екінші рет қаламызға еліміздің оңтүстігінен «Жасыл керуен» атбасын тіреді.

Ауыл шаруашылық және кәсіпкерлік бөлімінің ұйымдастыруымен сейсенбі күні аталмыш керуен сәтбаевтықтарға өз өнімдерін ұсынды.
– Халықты сапалы әрі арзан бағадағы азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін Шымкент, Түркістан, Жамбыл және Қарағанды қалаларынан арнайы келген керуен 10 тонна картоп, 5 тонна жуа, 3 тонна сәбіз, 2 тоннадан аса жеміс-жидектер мен 1 тонна қырыққабатты саудаға шығарды. Базар бағасынан 10-15 теңгеге арзанға ұсынылған өнімдер түскі уақытқа жетпей-ақ сатылып кетті. Біз алдағы уақытта да керуен жұмысын жалғастырмақ ойдамыз, – дейді ауыл шаруашылық және кәсіпкерлік бөлімінің инспекторы Ақмарал Қаппасова.

Бағдат ҚАЗКЕНОВ.

Комментарии закрыты.