Ауылшаруашылығының дамуы – елдің дамуы

Елбасы Н.Ә.Назарбаев биылғы жылғы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына Жолдауында елдің алдағы кезеңдерде дамуының басым бағыттарын айқындап, ауылшаруашылығы саласында атқарылатын жұмыстардың ауқымды екенін көрсетіп беріп отыр.

Жуырда қалалық ауылшаруашылық және ветеринарлық бөлімінің басшысы Амантай Әбілқасымов Абай көшесі 60 үйде орналасқан тіс емдеу емханасының дәрігерлерімен кездесіп, Жолдау жолдарындағы ауылшаруашылықты дамытудың бағыттарын түсіндірді.

«Ауылшаруашылығындағы еңбектің өнімділігі 2014 жылға қарай 2 есе, ал 2020 жылға қарай 4 есе өседі. Аграрлық секторда етті мал шаруашылығын дамыту жөнінде бұрын-соңды болып көрмеген жоба жүзеге асырылады.

2016 жылдың өзінде ет экспорты 60 мың тоннаға жетеді, мұның құны 4 миллион тонна бидай экспортына тең. Мемлекет бұл мақсатқа 130 миллиард теңгелік несие ресурстарын бөлді. Бұл ауылдық жерлерде 20 мыңнан астам жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді, жүз мыңнан астам ауыл тұрғындарының кіріс көзіне айналады. Мұның өзі малдың барлық түрінің асыл түліктері мен тұқымдарының бас санын көбейтуге мүмкіндік береді» деп көрсетілген Жолдауда. Осы межелерге жету үшін атқарар шаруаларды қолға алып жатырмыз. Асыл тұқымды мал өнімдерін экспортқа шығару арқылы елдің дамуына көп ықпал жасалмақ.  Осы бағыттағы шаралар да қазір республика көлемінде қолға алына бастады, – деп түйіндеді сөзін баяндамашы.

Бағдат Қазкенов.

Комментарии закрыты.