«СарыАрқаның» 8 000-шы саны шықты

Жезқазған аймағындағы газеттердің көшбасында тұрған «Сарыарқа» газетінің оқырмандары бүгін өздерінің сүйікті басылымдарының сегіз мыңыншы таралымын қолдарына алды.

Облыстық «Жезқазған туы» газетінің заңды жалғасы ретінде әлі күнге дейін халықтың құлағы һәм тілі болып отырған аға басылым қаншама қиындықтарды бастан өткерсе де, өзінің бет-бедерін жоғалтқан жоқ.

Қоғамдағы өзекті тақырыптарды жариялау, өлке тарихын, ұлы тұлғаларды дәріптеуде аймақтық газеттің көтерген жүгі салмақты.
«Сарыарқа» газеті – елімізге танымал қаншама білікті журналистердің шеберханасы бола білді. Ақпарат айдынында кең қанат жайған газеттің болашағы нұрлы, келешегі кемелді болсын деген әріптестік ниетімізді білдіреміз.

(Өз тілшіміз).

Комментарии закрыты.